Contract
Тауарлық газды бөлшек
саудада өткізудің үлгі шарты
Алматы облысы «___»_________20__ж.
Бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын «Алматыгазсервис - Холдинг» АҚ-ы, Қазақстан Республикасы Алматы облысы Қарасай ауданының Әділет Министрлігімен мемлекеттік тіркеу куәлігі №1057-1907-05-АҚ 11.09.2007 ж берілген, бір тараптан және
Коммуналдық-тұрмыстық/Тұрмыстық тұтынушы бұдан әрі «Тапсырысшы» деп аталатын екінші тараптан осы шарт негізінде (бұдан әрі-Шарт) төмендегі келісімге келді.
1. Терминдер мен анықтамалар
1.
Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар
пайдаланылады:
1)
газ - тауарлық газ;
2) беруші - «Газ және газбен жабдықтау
туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген
жағдайларда газды бөлшек саудада
өткізуді жүзеге асыратын тұлға;
3) беру - газды бөлшек саудада өткізу
жөніндегі қызмет;
4) есеп айырысу кезеңі - жеткізілген
газдың көлемі айқындалатын, берілген
газ үшін беруші мен тұрмыстық тұтынушы
арасында өзара есеп айырысу жүргізілетін
кезең. Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік
айды құрайды;
5)
тұрмыстық тұтынушы - тауарлық газды
кәсіпкерлік қызметте пайдалану және
оларды одан әрі өткізу мақсатынсыз,
тұрмыстық мұқтаждар үшін сатып алатын
жеке тұлға;
6)
тұтыну нормасы - есепке алу аспаптары
жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшін өздері
тұтынған тауарлық газдың орташа айлық
көлемін көрсететін есептік шама;
7) газ тұтыну жүйесі - газ тарату жүйесінен
тауарлық газды қабылдауға, сондай-ақ
оларды отын ретінде пайдалануға арналған
газ құбырлары (желілік бөлік) мен газ
жабдығы кешені;
8) есепке алу аспаптары - мынадай
функцияларды: газды өлшеуді, жинауды,
сақтауды, оның шығысы, көлемі, температурасы,
қысымы және аспаптың жұмыс уақыты туралы
ақпарат көрсетуді орындайтын өлшеу
құралдары мен басқа да техникалық
құралдар;
9)
смарт-картамен қоса алғанда есепке алу
аспаптары - тұрмыстық тұтынушы өзі
төлеген газдың барлық көлемін пайдаланған
жағдайда газ беруді жабатын салынған
бекітпе клапанмен жарақталған смарт-карта
арқылы ақы төлеу жүйесімен қоса газды
есепке алу аспаптары;
2. Осы Шартта пайдаланылатын өзге де
терминдер мен анықтамалар «Газ және
газбен жабдықтау туралы» Қазақстан
Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы
Заңына сәйкес қолданылады.
2. Шарттың нысанасы
3.
Беруші тұрмыстық тұтынушыға қосылған
желі арқылы өзінің тұрмыстық тұтынуы
үшін газды беруге, ал тұрмыстық тұтынушы
осы Шарттың жағдайларына сәйкес газ
үшін ақы төлеуді жүргізуге міндеттенеді.
4. Газ беруге арналған шартты жасасу
жағдайлары газды дұрыс жеткізу үшін
құқықтық және техникалық (технологиялық)
жағдайларының болуы, оның ішінде
тұрмыстық тұтынушы тарапынан - газ
тұтыну жүйелерін пайдалану жөніндегі
рұқсат ету құжаттарының (техникалық
шарт, газбен жабдықтау жобасы, газ тұтыну
жабдығының паспорты), газ тұтыну
жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге
арналып жасалған шарттың болуы тиіс.
5. Тұрмыстық тұтынушыны газбен қамтамасыз
ету газ тарату желілері, газ пайдалану
жабдықтары дұрыс техникалық жай-күйде
болған кезде жүргізіледі.
6. Газды қабылдау-тапсыру пункті есепке
алу аспабы, ал ол жоқ болған жағдайда
бекітпе қондырғы (іске қосу краны) болып
табылады.
7. Осы
Шарт бойынша жеткізілетін газ Қазақстан
Республикасының ұлттық стандарттарының
талаптарына сай болуы тиіс.
8. Қолданыстағы «Магистралдық газ құбыры
бойынша жеткізілетін және тасымалданатын
табиғи жаңғыш» ҚР СТ 1666-2007 сәйкес газ
көлемінің бірлігі үшін Цельсий бойынша
20 градус температура және сынапты
бағанадағы 760 мм қысым кезінде бір текше
метр газ алынады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
9.
Беруші:
1) алынған
газ үшін тұрмыстық тұтынушы дұрыс төлем
жүргізген және осы Шарттың жағдайлары
сақталған жағдайда тұрмыстық тұтынушыға
арналған мөлшерде қажетті талап етілетін
сапалы газды үздіксіз беруді жүзеге
асыруға;
2) газ
тұтынуға және газ үшін тұрмыстық
тұтынушының ақы төлегеніне бақылау
жасауға, есепке алуға;
3) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
қарау тәртібі туралы» Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 12
қаңтардағы заңымен белгіленген
мерзімдерде газ тұтыну схемасын өзгерту,
жаңа және қосымша газ жабдығын орнату
бойынша рұқсат алуға тұрмыстық тұтынушының
жазбаша өтінімін нақты қарауға;
4) қауіпсіз, авариясыз және үздіксіз
газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге
және газды қабылдау-тапсыру пунктіне
дейін газдың қысымын ұстауға;
5) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
газ бағасының өзгергені туралы ақпаратты
тұрмыстық тұтынушының назарына
жеткізуге;
6) өз
қызметкерлерін тұтынушыға бақылау
мақсатындағы тексерулер кезінде
көрсетілетін қызметтік куәліктермен
қамтамасыз етуге;
7) тұтынушы берген өтініштің және басқа
да растаушы құжаттардың негізінде
тұратындардың санын өзгертуді, өзара
есеп айырысуларды салыстырып тексеруді
жүргізуге міндетті.
10. Тұрмыстық тұтынушы:
1) осы Шарттың талаптарына сәйкес газ
үшін ақы төлеуге;
2) газ тұтыну жүйелерін, түтіндік және
желдеткіш каналдарын, оның қарамағындағы
газ желілерінің учаскелерін қауіпсіз
пайдалануды, түтіндік және желдеткіш
каналдарын уақытылы тексеру және
тазартып тұруды қамтамасыз етуге;
3) берушінің өкілдеріне қызметтік
куәліктерін көрсеткен кезде есепке алу
аспаптарын, газ жабдығын, тұрып жатқан
тұрғындардың саны жөніндегі деректердің
дұрыстығы мен мемлекеттік тексеру
туралы қолданыстағы куәліктің бар-жоғын
тексеру үшін газ тұтыну жабдықтарына,
газ желілеріне және есепке алу аспаптарына
кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз
етуге;
4) беруші
жүзеге асыратын газды есепке алу
аспаптарының сақталуына, техникалық
жай-күйіне және тексерілуіне, сондай-ақ
оның салынған пломбасының тұтастығына
жауапты болуға;
5) берушінің жазбаша рұқсатын алғаннан
кейін ғана газбен жабдықтау схемасын
өзгертуді, жаңа және қосымша газ жабдығын
орнатуды және іске қосуды жүргізуге;
6) тұрмыстық тұтынушы жазбаша түрде
берушіні жай-күйі және газ тұтыну
көлемінен және оған ақы төлеуден (тұратын
тұрғындардың санының өзгеруі, төленетін
аумақтың мөлшері, газ жабдығының
қуаттылығы) көрінетін деректердің
өзгергендігі туралы хабардар етуге
міндетті. Тұрмыстық тұтынушы болған
өзгерістер және есепке алу аспабынсыз
газды тұтыну, оның істен шыққаны не газ
жабдығының параметрлеріне сәйкес
келмейтіндігі туралы хабарламаған
жағдайда, тұтынылған газдың көлемі
берушіде бар деректер бойынша есептеледі.
Бұл ретте газ үшін қайта есептеулер
тұрмыстық тұтынушы растайтын құжаттарды
қоса бере отырып тиісті өтінішті берген
сәттен бастап жүзеге асырылады;
7) осы Шарттың талаптарына сәйкес газды
оның тікелей мақсатына қарай ұтымды
пайдалануға;
8)
паспорт деректеріне сәйкес оны пайдалану
мерзімінен асып кеткен, газ жабдығын
ауыстыру бойынша шаралар қабылдауға;
9) есепке алу аспабы істен шыққан және
ол тоқтаған жағдайда Берушіге жедел
түрде хабардар етуге міндетті.
11. Жеткізуші:
1)
уақытылы және толық мөлшерде газ үшін
ақы алуға;
2) газды
тұтынуға және оған уақытылы ақы төлеуге
бақылауды жүзеге асыруға;
3) газ беруді тоқтатуға негіз болған
себептерді жойғанға дейін тұрмыстық
тұтынушыға газ беруді кранды қосатын
жерден жауып, одан әрі пломба салып
немесе дәнекерлеуге қатысты ажыратып
барып тоқтатуға тұрмыстық тұтынушыны
алдын ала хабарламай-ақ мынадай
жағдайларда:
газ
жабдығын қауіпсіз пайдалану және
азаматтардың денсаулығына, өміріне,
мүлкіне, қоршаған ортаға қауіп тудыратын
есепке алу аспаптарын пайдалану жөніндегі
талаптар бұзылғанда;
газды заңсыз пайдалануға әкеп соқтыратын
газбен жабдықтау жүйесіне өз бетінше
және/немесе заңсыз қосылғанда;
тұрмыстық тұтынушыны алдын ала хабардар
ете отырып, мынадай жағдайларда:
тұрмыстық тұтынушы пайдаланылған газ
үшін ақы төлеу тәртібін бұзғанда;
берушімен келісімсіз газ желілерін
қайта жабдықтауға;
берушінің өкілдерін екі есеп айырысу
кезеңі бойы қатарынан газ жабдықтарын,
газ құбырлары мен есепке алу аспаптарына
(олар болған жағдайда) жібермеуге
құқылы.
Тұрмыстық
тұтынушыны газбен жабдықтауға қосу
пайдаланылған газ үшін қарызды,
тұрақсыздық төлемін және газбен
жабдықтаудан айыру және қосу жөніндегі
қызметтер толық төлегеннен кейін
жүргізіледі;
4) газ
құбырларындағы жөндеу-алдын алу
жұмыстарын жүргізген кезде, сондай-ақ
азаматтардың денсаулығына, өміріне,
мүлкіне, қоршаған ортаға қауіп тудыратын
авариялардың алдын алу және жою жөніндегі
шұғыл шараларды қабылдау үшін тұрмыстық
тұтынушыға уақытша газ беруді
тоқтатуға;
5) газ
жабдығы, есепке алу аспабы, төленетін
алаң, тұратын адамдардың саны, құрылыстардың
бар-жоғы туралы деректер, сондай-ақ
есепке алу және газ тұтынуда көрсетілетін
өзге де деректер алуға құқылы.
12. Тұрмыстық тұтынушы:
1) осы Шартта ескерілген сапалы газ алуға
және пайдалануға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен және
осы Шарттың талаптарына сәйкес газдың
бағасы туралы ақпарат алуға;
3) есепке алу аспабы болмаған кезде алдын
алу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге
кеткен уақыттағы үзілістер үшін газға
ақы төлеуді жүргізбеуге;
4) көп қабатты тұрғын үйдің сенімді
тұлғасы арқылы кондоминиум объектісін
басқару органы мен беруші арасындағы
ынтымақтастық шартын жасасуға құқылы.
4. Ақы төлеу тәртібі
13.
Тұрмыстық тұтынушы газды есепке алу
аспабы болмаған кезде - ай сайын тұтыну
нормалары бойынша, есепке алу аспаптары
болған кезде - ай сайын есепке алу
көрсеткіштері бойынша есеп айырысатын
айдан кейінгі айдың 25-не дейінгі мерзімде
ақы төлеуді жүргізеді.
Смарт-картамен газды есепке алу аспабын
пайдаланған кезде газ үшін ақы төлеу
берушінің есебіне қажетті газ көлемінің
құнын аудару жолымен жүргізіледі.
14. Есепке алу аспабының көрсеткіштері
берушінің өкілдерімен Тұрмыстық
тұтынушымен бірлесіп ағымдағы айдың
жиырмасынан кейінгі мерзімде алынады.
Пәтерде немесе жеке үйде тұратын
тұрмыстық тұтынушының кінәсінен екі
есеп айырысу кезеңінде есепке алу
аспаптарының көрсеткіштерін алу мүмкін
болмаған кезде, беруші тұтыну нормасы
бойынша көрсетілген кезеңге газ тұтыну
есебін жүргізуге құқылы.
15. Есепке алу аспабының жарамсыз екені
белгілі болғанда тұтынылған газдың
есебі тұрмыстық тұтынушымен жүргізілген
төлем ескеріліп соңғы алты ай үшін
қолданыстағы газды тұтыну нормасы
бойынша жүргізіледі.
16. Тұрмыстық тұтынушының есепке алу
аспабын тексеру мерзімі өткен жағдайда
тұтынылған газ көлемі үшін есеп айырысу
тексеру мерзімі өткен күннен бастап
тұтыну нормасы бойынша жүргізіледі.
Есепке алу аспабының көрсеткіштері
бойынша қайта есеп айырысу тексерудің
оң нәтижелері болған жағдайда, бірақ
бір ай мерзімнен кешіктірілмей
жүргізіледі.
5. Тараптардың жауапкершілігі
17.
Газ үшін ақы төлеу бойынша өз міндеттемелерін
орындамаған немесе дұрыс орындамаған
Тұрмыстық тұтынушы қарызды толық өтеген
сәтке дейін әрбір мерзімі өткен күн
үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкінің қайта қаржыландыруының 1.5
еселік мөлшерлемесі көлемінде тұрақсыздық
төлемін төлейді.
18. Тұрмыстық тұтынушының газбен
жабдықтауды өз бетімен қосып алуы,
есепке алу аспабын қарамастан орнатылған
газ жабдығының, газ тұтыну қуатын
арттырғаны, бұзғаны, пломбысын жұлып
алуы белгілі болған кезде, көрсетуді
бұрмалау және есепке алу аспабына
берушінің өкіліне бұрын барғанда көру
мүмкін болмағанда тұрмыстық тұтынушы
газды рұқсатсыз қосып алу мүмкіндігін
жіберген өзге де іс-әрекеттер мақсатында
есепке алу аспабына қандай да бір әсер
етілгенде беруші есепке алу аспаптарын
және (немесе) схеманы соңғы тексерген
күннен бастап, көрсетілген күн бойынша
олардың 24 сағат бойы жұмыс істеу есебінен
газ тұтыну жабдығының қуаты бойынша
есептелген мөлшерде есептеуді жүргізуге
құқылы.
19. Осы Шарт
бойынша тұрмыстық тұтынушы жіберген
бұзушылықтар беруші мен тұрмыстық
тұтынушы өкілдерінің бұзу туралы
актісімен екі данада ресімделеді,
олардың бірі тұрмыстық тұтынушыға
беріледі. Акті тұрмыстық тұтынушы қол
қоюдан бас тартқан кезде ол туралы жазба
жазылады, бірақ ол берушінің комиссиясымен
немесе құрамында кемінде үш адам бар
кондоминиум объектісінің басқару
органымен ресімделген жағдайда, дұрыс
болып саналады.
20. Тараптар газ беруді тоқтатуға әкеп
соқтырған тежеусіз күш (дүлей зілзалалар,
апаттар, төтенше жағдай режимін енгізу,
халықаралық шарттың іс-әрекетін
үзу/тоқтата тұру, газ тасымалдау
жүйесіндегі авария т.б.) іс-әрекетінен
туындаған жағдайлардың себебінен осы
Шарттың талаптарын орындамағаны үшін
жауапкершіліктен босатылады.
6. Қорытынды ережелер
21.
Осы Шарт Тұрмыстық тұтынушымен осы
Шарттың негізінде газ үшін берушімен
берілген шоттарды бірінші рет төлеген
сәтінен бастап, ал жаңадан қосылған
тұрмыстық тұтынушылар үшін қосылған
желіге тұрмыстық тұтынушы бірінші рет
нақты қосылған сәтінен бастап күшіне
енеді.
22. Тұрмыстық
тұтынушы біржақты тәртіппен берушіні
кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын
жазбаша хабардар еткен және олар төлем
құжаттарында көрсетілген жағдайда
пайдаланылған газға ақы, өсімақы,
араласқаны, өз бетімен қосқаны үшін
есептеулер және т.б. толық төленген
жағдайда осы Шартты бұзуға құқылы.
23. Осы ▇▇▇▇▇▇▇ тармақтарымен көзделген
мерзімдерде даулы мәселелер бойынша
келісімге қол жеткізілмеген жағдайда,
осы Шарт бойынша даулар мен келіспеушіліктер
Қазақстан Республикасының қолданыстағы
азаматтық заңнамасында белгіленген
тәртіппен шешіледі.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары
Беруші: Тұрмыстық тұтынушы:
«Алматыгазсервис - Холдинг» АҚ
040901, Алматы облысы, Каскелен қ.,
▇▇▇▇▇▇▇▇▇▇ көш, 147 үй.
БСН 071040016843
БСК ▇▇▇▇▇▇▇▇
ЖСК ▇▇▇▇▇▇▇▇▇▇▇▇▇▇▇▇▇▇▇▇
БАНК АО «Forte Bank»
Тел/факс (▇▇▇) ▇▇▇-▇▇-▇▇, 8 (72771) 2-15-68